Қазақстанның Украинадағы елшілігіне бір күнде қазақстандықтардан 100-ден астам қоңырау түсті
Сурет: gov.kz
Өткен тәулікте Қазақстанның Киевтегі елшілігіне 100-ге жуық қоңырау түсті. Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевтың айтуынша, біздің азаматтарды негізінен жағдай бұдан да ушығып кеткен жағдайда кетудің ықтимал егжей-тегжейлері қызықтырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дархан Кәлетаев Незалежная аумағында 600-ден астам жерлесіміз қалғанын айтты. Олар дипломатиялық өкілдікпен үнемі байланыста. Ал олардың ешқайсысы әскери қақтығыс аймағынан кетуді жоспарлап отырған жоқ
Қазір Украинада ақпан-наурыз айларында кетуден бас тартқан Қазақстан азаматтары бар. Олар әдейі елде қалды. Мұнда олардың отбасылары, үйлері, жұмыс орындары, кәсіптері және тағы басқасы бар.Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев
10 қазанда Қазақстанның Киевтегі елшілігі отандастарды барынша қырағы болуға, үйден шықпауға, мүмкіндігінше Украинадан кетуге шақырды.
Ресей-Украина әскери қақтығысы басталғалы 1000-нан астам қазақстандық атамекеніне оралды.
10 қазанда Ресей Украинаның ірі қалаларына, соның ішінде Киев, Харьков және Днепрге соққы бере бастады. Нысана энергетика және басқа да инфрақұрылым нысандары болды, адамдар қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript