Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде көпқабатты тұрғын үйдің ауласына ұшақ құлап, жарылыс болды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 21:56 Сурет: Baza
Краснодар өлкесіндегі Ейск қаласында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдай 17 қазанда кешке орын алды.

Желіде жарияланған видеодан ұшқыштың катапульт тетігін басып үлгергенін байқауға болады.

Baza Telegram арнасы жазғандай, өте жоғары жылдамдықтағы бомбалаушы Су-34 ұшағы құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақтың қозғалтқышы істен шыққан.

Ұшақ оқ-дәрісімен қоса, Коммунистік көшесі, 20/1 үйдің ауласына құлады.

Апат орнында екі жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Олар қалың түтінге байланысты үйге жақындай алмады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы, әзірге ақпарат жоқ.

Куәгерлер апат орнында кезек-кезек жарылыс болып жатқанын айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: