Қазақстан мен Өзбекстан шекараны демаркациялау туралы келісім жасайды
Құжатқа сай, Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының бастапқы нүктесі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттік шекараларының түйіскен жері болады.
Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының соңғы нүктесі Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан мемлекеттік шекараларының түйіскен жері болады.
Мемлекеттік шекара сызығының демаркациялау ұзақтығы - 2356.666 км. Тараптар мемлекеттік шекара сызығына барлығы 1301 шекаралық белгі орнатты.
Тараптар барлығы 1672 шекаралық бағана орнатты, негізгілері – 868, оның ішінде Қазақстан жағы – 437, Өзбекстан жағы – 431;
Аралық шекаралық бағаналар – 804, оның ішінде Қазақстан жағы – 428, Өзбекстан жағы – 376.
Келiсiм күшiне енгеннен кейiн тараптар мемлекеттiк шекара сызығының белгiленуiне 10 жыл сайын бiрлескен тексеру жүргiзедi. Тараптардың келiсiмi бойынша тексеру мерзiмi өзгеруi мүмкiн. Сонымен қатар оның жекелеген учаскелерiнде мемлекеттiк шекара сызығының белгiленуiн бiрлескен тексерулер де жүргiзiлуi мүмкiн.
Құжат бойынша тараптардың ешқайсы біржақты тәртіпте мемлекеттік шекара сызығына Шартта көрсетілмеген шекараны немесе мемлекеттік шекараны белгілейтін басқа белгілерді орната алмайды.
Мемлекет басшысының Шартқа қол қою туралы Жарлығының жобасы ҚР президентінің қарауына енгізілді.