Өзбекстанда түнде Қорғаныс министрлігінің қоймасында жарылыс болды

Өзбекстан, Сырдария облысы, Қзбекстан Қорғаныс министрлігі, жарылыс, әскери қойма, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 09:38 Сурет: Өзбекстан қорғаныс министрлігі
22 қазанда түнде Өзбекстанның Сырдария облысындағы әскери қоймада жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қазан күні сағат 4:55-те Сырдария облысындағы Мәлік ауылындағы әскери қоймада жарылыс болды.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Gazeta.uz басылымының жазуынша, жергілікті тұрғындар жер сілкінісіне ұқсас дүмпуді естіген. Көшеде ағаштар тербеліп, тесік-терезелер ашылған, көптеген үйлер мен дүкендердің терезелері сынып, кейбірі қираған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: