ҰҚК Ауғанстан азаматтарына жалған төлқұжат жасаған шетелдікті ұстады
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шетелдік азамат Орталық Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын жасап беру үшін 1,5 мың доллар алып жатқан жерінде ұсталды.
Сондай-ақ қазақстандық бірнеше ұйымның мөрі, 20 ауған төлқұжаты, туу туралы куәлік және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, тұруға рұқсат алуға, тіркеуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар тәркіленген.
Комитет өкілдері бұл іс бойынша "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабымен тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Шетелдік азамат Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
21 қазанда ҰҚК-ге "Бейнеу" қылмыстық тобы құрықталғаны мәлім болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен бес белсенді мүшесі ұсталды.