ҰҚК 10 келіден аса психотроптық зат алып өтпен болған шетелдікті ұстады

Қазақстан, Қырғызстан, психотроптық зат, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 16:45 Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының жолы кесілгенін мәлімдеді. 13 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы "Қордай" автомобиль өткізу пунктінде контрабандалық есірткінің ірі партиясын алып өтуге әрекеттенгендерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, Қырғыз Республикасы азаматының басқаруындағы көлікті тексеру кезінде 10 келіден аса психотроптық зат табылды.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Еске салсақ,15 қазанда Қазақстаннан жанармай құйылған 20 цистернаны заңсыз алып шықпақ болғандар анықталған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: