Банктер Илон Маскке миллиардтап ақша бөле бастады
Сурет: pixabay
Банктер 13 миллиард долларды қолма-қол ақша түрінде жібере бастады. Әлеуметтік желіні сатып алу бойынша мәміле жұма, 28 қазанға дейін аяқталуы тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірқатар банктер Илон Масктың Twitter-ді сатып алуын қаржыландыру үшін қаражат ұсына бастады, деп жазды Wall Street Journal.
Басылым қаражат сатып алу мерзімі аяқталатын жұма күнге дейін Маскқа қолжетімді болатынын да мәлім етті.
Жақында Илон Маск Twitter әлеуметтік желісінің Калифорниядағы бас кеңсесіне барғанын айтқан.
— Elon Musk (@elonmusk) October 26, 2022Entering Twitter HQ – let that sink in! pic.twitter.com/D68z4K2wq7
Маск әлеуметтік желідегі парақшасында компанияның бас кеңсесіне шұңғылша алып барғанын көрсетінін видео жариялады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript