Банктер валютаның қолма-қол айырбасына қатысты үндеу жасады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы елімізде шетел валютасын қолма-қол сатып алуға жоғары сұраныс байқалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрметті клиенттер, шиеленіскен халықаралық саяси жағдайға байланысты Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиынға соқты. Сондықтан валюта айырбастау пункттері мерзімді түрде қолма-қол ақша беруді шектейді, – делінген Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сайтында.
Бұл қолма-қол валютаға қатысты екенін тағы да атап өткіміз келеді. Қолма-қол ақшасыз валюта сіздің шоттарыңызда сақталады, оны сіз онлайн-банкинг арқылы көріп тексере аласыз, – деп хабарлады қауымдастық
Сонымен қатар қаржыгерлер қауымдастығы қазір қолма-қол валютамен болып жатқан қиындықтар уақытша екенін айтты.
Біз қысқа мерзімде Қазақстанға қолма-қол валютаны тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банкпен бірге жұмыс істейміз.Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript