Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банкі қолма-қол шетел валютасына сұраныс артқанын мәлімдеді

Ұлттық банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2022 19:30 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банкі бүгінгі таңда сыртқы күйзелістердің салдарынан қолма-қол шетел валютасына сұраныс артқанын мәлімдеді. Екінші деңгейлі банктерде шоттардағы, депозиттердегі және бағалы қағаздардағы қалдық түріндегі өтімді валюталық активтердің жеткілікті көлемі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соған қарамастан, қолма-қол шетел валютасына деген сұранысты қанағаттандыруда –қолма-қол шетел валютасын басқа елдерден Қазақстанға жеткізу ісінде логистикалық қиындықтар туындап отырғаны айтылады.

Қаржылық тұрақтылыққа төнетін қатерлер мен алыпсатарлыққа қатысты сұраныстың қысымын төмендету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ұсынысы негізінде Қазақстаннан алып шығуға шектеулер енгізілді:

  • 10 000 (он мың) АҚШ доллары эквивалентінен асатын және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің әкету күніне белгіленген бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасына және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарына;

  • тазартылған алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шығарған алтыннан, күмістен жасалған инвестициялық монеталарына, сондай-ақ салмағы 100 грамнан асатын тазартылған алтынға.

Қабылданған бұл шаралар қолма-қол шетел валюталарының шектен тыс сыртқа шығып кетпеуін бақылауды, Ұлттық банктегі резервтердің сақталуын, сондай-ақ жинақ құралдарын әртараптандыруды қамтамасыз етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: