Қазақстанда валюта айырбастау пунктері уақытша қолма-қол ақша беруді шектемек

ҚР Ұлттық банкі, ақша айырбастау, қолма-қол ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2022 17:25 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиындай түсті. Осыған байланысты Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы халыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын сатып алуға сұраныс артты. Шиеленіскен халықаралық саяси жағдайға байланысты елімізге басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиындады. Сондықтан валюта айырбастау пункттері уақытша қолма-қол ақша беруді шектейді. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының баспасөз қызметі

Қауымдастық өкілі мұның қолма-қол валютаға қатысты екенін атап өтті.

Қолма-қол ақшасыз валюта сіздің шоттарыңызда сақталады, оны сіз онлайн-банкинг арқылы көріп тексере аласыз.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл мәселе қолма-қол валютаны жеткізудің қиындауынан туып отыр.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Қазақстанға қолма-қол валютаны тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банкпен бірге шаралар қолданатынын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: