Польша Ресеймен шекарада қоршау тұрғыза бастады

Польша, Ресей, шекара, қоршау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 15:46 Сурет: pxhere
2 қарашада Польша билігі Ресейдің Калининград облысымен шекарасын уақытша қоршауды бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, қоршау үш қатар тікенді сымнан тұрады. Оның биіктігі 2,5 метр, ені 3 метр болады.

Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блащактың айтуынша, бұл әрекетке Ресейдің Калининград облысының әуежайын Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан келетін ұшақтарға ашқаны түрткі болды, бұл миграциялық қысым қаупін тудырады.

Министр Польша – Беларусь шекарасында тосқауыл қою тәжірибесі бұрыннан бар болғандықтан, жұмыс жылдам жүргізілетінін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: