Жапонияда Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты дабыл қағылды

Жапонияның солтүстігіндегі Мияги, Ямагата және Ниигата префектураларының тұрғындарына жабық жерден бас сауғалайтын орын іздеу керек екені ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жапония үкіметі Мияги, Ямагата және Ниигата префектураларының тұрғындарын КХДР баллистикалық зымыран ұшырған болуы мүмкін екенін ескертіп, жасырынатын орын іздеуге шақырды, деп жазды Reuters.
Елде автоматты ескерту жүйесі іске қосылды. Сигнал ұлттық теледидар, сондай-ақ телефондардағы қосымшалар арқылы беріледі.
Үш префектураның тұрғындарына жер асты тұрақ жайларын немесе қабырғасы мықты ғимараттарды паналауға кеңес берілді.
Кейін билік снаряд Жапония аумағынан өтіп, Тынық мұхитына түскенін хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript