Жаңалықтар тізбегі
0

Байден Иранға қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

АҚШ, Иран, санкция, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 09:41 Сурет: pixabay
АҚШ президенті Иранмен қарым-қатынас әлі қалыпқа келмегенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ президенті Джо Байден Иранға қарсы біржақты санкциялар енгізуді көздейтін төтенше жағдай режимін тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады, деп жазды ТАСС.

Вашингтон әкімшілігінің басшысы Иранмен қарым-қатынас әлі қалыпқа келмегенін, "1981 жылғы 19 қаңтардағы келісімдерді орындау үдерісі жалғасып жатқанын" баса айтты.

Әңгіме 1979 жылғы революциядан кейін Тегеранда бір жылдан астам кепілде болған америкалық дипломаттардың босатылуына әкелген АҚШ пен Иран арасындағы Алжир келісімдері жайында болып тұр. Бұл құжаттарда елдердің бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принципі де бекітілген.

1979 жылы 14 қарашада Америка Құрама Штаттарының 39-президенті Джимми Картер Тегерандағы америкалықтарды кепілге алуына жауап ретінде нөмірі 12170- Жарлыққа қол қойды.

АҚШ-тың Қаржы министрлігіне Иранның АҚШ-тағы барлық ресми холдингтерін, соның ішінде АҚШ банктеріндегі есепшоттарды және олардың шетелдегі филиалдары мен бөлімшелерін бұғаттау тапсырылды. Шын мәнінде, бұл Иранға қарсы алғашқы экономикалық жазалау шараларын енгізуді білдіреді.

1980 жылы 7 сәуірде Картер Тегеранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзіп, Америка Құрама Штаттарынан Иранға барлық тауарларды, соның ішінде азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді экспорттауға тыйым салды. Содан кейін Ираннан АҚШ-қа кез келген тауарды әкелуге эмбарго және Американың Иранға баруына тыйым салынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: