Владимир Путин G20 саммитіне бармайды
Сурет: pixabay
Ресей президенті Владимир Путин 15-16 қарашада Индонезияда Бали аралында өтетін "Үлкен жиырмалық" (G20) елдері басшыларының кездесуіне бармайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Саммитке Ресейден елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров онлайн қатысады. Бұл ақпартты 10 қарашада Reuters агенттігіне Индонезияның Теңіз істері және инвестициялар жөніндегі үйлестіру министрінің баспасөз хатшысы Джоди Махарди хабарлады.
Владимир Путин саммит аясындағы кездесулердің біріне виртуалды түрде қосыла алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript