Жаңалықтар тізбегі
0

G20 саммитінде Зеленский «Бейбітшілік формуласын» ұсынды

Зеленский G20 саммитінде мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 12:51 Сурет: pixabay
Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан «Үлкен жиырмалық» саммитінде Украина президенті видеобайланыс арқылы сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Владимир Зеленский қарулы қақтығысты тоқтатуға үндеп, 10 пункттен тұратын «бейбітшілік формуласын» ұсынды.

Бұл тізімге ядролық, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, Ресей аумағына әкетілген барлық украиналық тұтқындар мен тұрғындарды босату, елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру тәрізді бірнеше талап бар.

Зеленский «Үлкен жиырмалық» құрамына Ресейді қоспай, «19 тобы» деп атады.

Осы саммитте ФИФА президенті ДжАнни Инфантино «Джи 20» лидерлерін Чемпионат кезінде Украинадағы қарулы қақтығысты бір айға тоқтатуға қол жеткізуге шақырды, деп жазады qazaqstan.tv.

Саммиттің алғашқы жиынынан кейінгі сөзінде ол бейбітшілікке алғашқы қадам ретінде атысты тоқтатуға, гуманитарлық дәліздерді ашуға үндеді. Саммиттен тағы бір мәлімет.

«Үлкен жиырмалық» лидерлері Ресейдің Украинаға басып кіруін қатаң сынға алатын резолюция жобасын қарастырып жатыр. 16 беттік декларацияда «Украинадағы соғыс адамзатқа үлкен қасірет әкеліп, жаһандық экономикадағы мәселелерді ушықтырып жіберді» деп жазылған.

Шетел басылымдарының мәліметінше, саммиттің қорытынды құжатын Ресей мен кейбір елдер қабылдамауы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: