Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында бесінші орын алды

Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында бесінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 18:33 Сурет: olympic.kz
Семсерлесуден Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында кезекті жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылыш қаруымен семсерлесуден ерлер арасындағы сайыстың жеңімпаздары анықталды. Қазақстандық Артем Саркисян, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы және Жанат Нәбиев бесінші орынға ие болды. Ал алтын жүлдені Жапония құрамасы жеңіп алды. Күміс жүлде Оңтүстік Кореяға бұйырса, қола жүлдені Өзбекстан иеленді.

Ал рапирамен семсерлесуде әйелдер арасындағы командалық жарыста Алёна Гноева, София Актаева және Күлжан Түсіпбекова жетінші орынға табан тіреді.

Бұл санатта да Жапония құрамасы жеңімпаз атанды. Финалда Қытайдан басым түсті. Үшінші орынды Гонконг иеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: