Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Азия чемпионы атанды

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Азия чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2024 19:18 Сурет: olympic.kz
Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионы атанды. Олар жарыс финалында Олимпиада чемпионы саналатын Жапония құрамасын тізе бүктірді. 

Сондай-ақ, турнир барысында Катар, Қырғызстан, Гонконг құрамаларынан басым түсті. 

Шпагадан командалық сында Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимовтар сынға түсті. Аталған төрттік  Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: