Қазақстандық спортшы семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Семсерлесу, Азия чемпионаты, қола медаль, Вадим Шарлаимов, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2025 20:57 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық Вадим Шарлаимов семсерлесуден Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшы семсер қаруымен айқасудан ерлер арасындағы жекелей сында үшінші орынға ие болды.

Жартылай финалда Шарлаимов жапониялық Масару Ямадаға жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Бірінші орынды қытайлық Ван Цзыцзе жеңіп алды. Екінші орынды Масару Ямада еншілесе, үшінші сатыны Вадим Шарлаимовпен бірге Қытай өкілі Синькунь Чжан бөлісті.

Бұған дейін дзюдодан Әлем чемпионатында Марат Байқамұров финалға жете алмай, жарыс жолынан шығып қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: