Дзюдодан ӘЧ-2025: Марат Байқамұров финалға жете алмай, жарыс жолынан шығып қалды

Дзюдо, Марат Байқамұров, әлем чемпионаты, Зелим Коцоев, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2025 19:52 Сурет: ҚР ҰОК
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Марат Байқамұров Будапешттегі (Венгрия) әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық балуан 1/8 финалда Олимпиада чемпионы әзірбайжандық Зелим Коцоевпен белдесті.

Нәтижесінде Зелим Коцоев мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, ел қоржынында әзірге бір медаль бар. Жарыстың бірінші күнінде Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс жүлде еншілеген болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: