Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатында тарихи күміс медаль жеңіп алды

Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатында тарихи күміс медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2025 21:40 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде италиялық Асунта Скуттомен кездесті.

Нәтижесінде Италия өкілі иппон әдісімен жеңіске жетті. Осылайша Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова - дзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы. Бұл - спортшының әлем біріншілігіндегі үшінші медалі. Бұған дейін ол екі мәрте қола жүлдегер атанған болатын.

Сонымен қатар 13 маусымда, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадиннің де жүлде жеңіп алуға мүмкіндігі болған. Алайда ол жұбаныш белдесуінде венгриялық Мартон Андрасиға жол берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: