Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды

Қазақстан көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2026 18:37 Сурет: olympic.kz
Қазақстанның әртістік жүзуден ұлттық құрамасы Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күміс жүлдені Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов жеңіп алды.

Спортшылар аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада өнер көрсетіп, 248,1058 ұпай жинады.

Бірінші орынды 263,2992 ұпаймен Испания дуэті иеленді. Жапония құрамасы 246,9850 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатында Виктор Друзин техникалық бағдарламада үшінші орын алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: