Қазақстан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші медальді жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалар арасындағы жарыста күміс медаль жеңіп алды. Спортшылар финалға дейін жетіп, АҚШ-2 командасына есе жіберді. Үшінші орынды АҚШ-3 командасы иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Городко алтын мен күміс жеңіп алған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript