Қазақстан таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстан таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2026 20:52 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасы таеквондодан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, Ерасыл Ерзат қола медаль жеңіп алған.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде Аль-Юсуфи Фахадқа жол беріп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады.

Бұған дейін еркін күрес шебері Азамат Дәулетбековтің Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: