Әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Қазақстандық спортшы қола медаль иеленді

Әртістік жүзу, жасөспірімдер арасындағы, ӘЧ, қола медаль, Друзин, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 20:11 Сурет: olympic.kz
Әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Виктор Друзин Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада үшінші орын алды. Виктор Друзин сайыс нәтижесі бойынша 238,5317 ұпай жинады.

Ресей өкілі Захар Трофимов (241,2409 ұпай) жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Испания спортшысы Энеко Санчес Агилар (240,5016 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты бүгін, 12 тамызда басталды. Бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы топтық бәсекеде де техникалық бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.

Бұған дейін Елена Рыбакина WTA тарихындағы ең мықты үш теннисші қатарына жатқызылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: