Әртістік жүзуден Әлем кубогінде Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді
Сурет: ҰОК
Венгрия астанасы Будапештте өткен әртістік жүзуден Әлем кубогінің финалына шыққан Қазақстан құрамасы спортшылары екі күміс және бір қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, еркін бағдарлама бойынша жекелей сында өнер көрсеткен Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды.
Бұған дейін Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы да күмісті қанағат тұтқан болатын.
Сондай-ақ, акробатикалық бағдарлама бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль иеленді.
Айта кетсек, Әлем кубогының іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша ең жоғары рейтингіге ие 12 команда 3-5 шілде аралығында Венгрияның Будапешт қаласында өткен суперфиналда өнер көрсету құқығына ие болған болатын. Олардың арасында Қазақстан құрамасы да бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript