Әбиба Әбужақынова дзюдодан Гран-При жарысында алтын медаль жеңіп алды

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Гран-При жарысында алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 21:44 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Линц қаласында (Аустрия) өткен Гран-при санатындағы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.

Әбиба финалда жапониялық Сачие Ешинодан басым түсіп, 10-1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, ол финалға дейінгі кезеңдерде Мизука Хараданы (Жапония), Жаклин Шпрингерді (Аустрия) және Эмбер Герсджесті (Нидерланд) жеңді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: