Дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионаты: Есет Қуанов олимпиада чемпионына есе жіберді

Дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионаты: Есет Қуанов олимпиада чемпионына есе жіберді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2025 16:03 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Есет Қуанов жарысты аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші айналымнан бастап белдесті.

Оның алғашқы қарсыласы – 2024 жылғы Олимпиада ойындарында аралас командалар жарысында алтын, жекелей сайыста күміс жүлде алған француз Жоан-Бенжамен Габа болды.

Бұл кездесуде Габа Есетті мерзімінен бұрын жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге бір медаль бар. Оны 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова жеңіп алған болатын. Ол әлем чемпионатында екінші орын иеленді.

16 маусымда татамиге Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) мен Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) шығады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: