Мейірлан Максим дзюдодан әлем чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионына есе жіберді
Сурет: International judo federation
Қазақстан құрамасының өкілі Мейірлан Максим Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалға дейін жетті.
Аталған кезеңде оның қарсыласы жапониялық төрт дүркін әлем чемпионы (үшеуі командалық сайыста) Гоки Тадзима болды.
Жапон балуаны бұл белдесуде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Осылайша, жарыстың тағы бір күні Қазақстан құрамасы үшін жүлдесіз аяқталды.
Қазіргі уақытта ұлттық құраманың еншісінде бір ғана медаль бар. 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript