Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында екінші жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында екінші жүлдесін жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2025 14:44 Сурет: olympic.kz
Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында семсерлесуден ерлер арасындағы командалық жарыстың финалы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алтын жүлде үшін Қазақстан мен Жапония құрамалары бақ сынасты. Тартысты кездесуде жеңіс жапон спортшыларына бұйырды. Есеп — 45:39.

Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Күміс жүлдегер атанған спортшылар: Елмир Алимжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай.

Айта кетейік, Жапония құрамасы 2024 жылғы Олимпиадада да финалға дейін жетіп, Венгрияға жол берген болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі жүлде бар. Бұған дейін Вадим Шарлаимов жекелей сыннан қола медаль жеңіп алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: