Ресей өз еліне кіргізбейтін шетелдіктер тізіміне Джим Керриді де қосып қойды

Санкция, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 22:47 Сурет: Facebook/Джим Керри актер, биография
Атақты америкалық актер Джим Керридің Ресейге сапарлауына тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы РФ СІМ сайтында ақпарат жарияланды.

2004 жылы Джим Керри Канада азаматтығын алды. Бұл - оның екінші азаматтығы. Сыртқы саясат ведомствосы мәліметінше, Ресейге қарсы санкциялар енгізу тәжірибесіне жауап ретінде осындай шара қолға алынған.

Ресей басшылығына, саясаткерлер мен парламент мүшелеріне, іскер топтардың өкілдеріне, сарапшылар мен журналистерге, мәдениет қайраткерлеріне, сондай - ақ канадалық руссофобты биліктің қолайсыз деп санайтындардың барлығына қарсы санкциялар енгізу тәжірибесіне жауап ретінде Канаданың 100 азаматына елдің есігі жабылады, делінген ведомство сайтында.

Айта кетсек, ақпан айында актер Тwittr-дегі парақшасында Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, Украина жалауымен бірге жыртылған ойыншық қонжықтың бейнеленген суретін орналастырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: