Иерусалимдегі теракттан 18 адам зардап шекті
23 қараша күні таңертең Рамот ауданындағы Орталық автовокзал маңында Иерусалимге кіре берісте екі жарылыс болды. Жарылыстардан кем дегенде 18 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің екеуі ауыр халде, деп хабарлайды Jerusalem Post.
Израиль полициясының мәліметінше, жарылғыш зат автобустың жақтауындағы сөмкеде болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс болмай тұрып қабырғаға ілініп тұрған сөмкені байқаған.
Автобуста саңылаулар болды. Бұл снарядтардың жан-жақа тарағанын көрсетеді. Тағы бір жарылыс бірнеше минуттан кейін Иерусалимнің солтүстігіндегі Рамон қиылысының жанында болды.
Израиль кейінгі айларда лаңкестік толқынын бастан өткерді. Дегенмен осы уақытқа дейін шабуылдар негізінен Батыс Шерияда болды және басылымның мәліметінше, шабуылды палестиналықтар автомат немесе пышақ қолданып жасаған.
Өткен аптада Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Ариэль елді мекеніне кіре берісте үш израильдік пышаққа түсіп, қаза тапты.