Зеленский Ресеймен байланысы бар діни ұйымдарға тыйым салуға шақырды

Украина, Ресей, діни ұйымдар, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 10:03 Сурет: Instagram/zelenskiy_official
1 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленский үкіметке елдегі Ресеймен байланысты діни ұйымдардың қызметіне тыйым салу мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зеленскийдің мәлімдемесі кезекті бейнежолдауында айтылды, онда ол Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі отырысының нәтижелері туралы айтты.

"Үкіметке Ресей Федерациясындағы орталықтармен байланысы бар діни ұйымдардың Украинада қызмет етуіне болмайды деген заң жобасын Жоғарғы Радаға енгізу тапсырылды". Украина президенті Владимир Зеленский

Сонымен қатар Украина Киев-Печерск лаврасының аумағында орналасқан діни ұйымдарда мүлікті пайдалануға заңды рұқсаты бар-жоғын және шарттарды сақтауын тексереді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: