Жаңалықтар тізбегі
0

Жапония футболдан әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты

Жапония, Футболдан әлем чемпионаты, футбол, Қатар Сурет: Twitter/fifaworldcup
Жапония құрамасының футболшылары әлем чемпионатының тарихына енді. Күншығыс елінің өкілдері топтық раундтың шешуші матчында допқа бар болғаны 17,7% ойын уақытында иелік ете отырып, Испания құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Бұл – әлемдік жаңа рекорд, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрын-соңды әлем чемпионатының тарихында допқа аз иелік еткен команда жеңіске жеткен емес. Жапондық құраманың тәлімгері бұл матчтың басты мақсаты – плей-офф кезеңіне шыққанына риза.

"Қолдағаны үшін барлық жанкүйерімізге, жапон халқына рахмет айтамын. Солардың арқасында біз осы қиын кездесуде жеңіске жеттік. Мен халқымызға мереке сыйлай алғанымызға ризамын әрі қуаныштымын. Ендігі мақсат – плей-офф кезеңінің бірінші ойынында жеңіске жету. Біздің ойыншылар әлемдік аренада тартыстың басқа деңгейін көрсетіп жатыр, біз рекордымызды жаңартып, 1/4 финалға шығып, оны жақсартқымыз келеді", – деді Жапония құрамасының бас бапкері Хадзиме Мориясу.

2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Жапония алдыңғы әлем чемпионатының әлемнің вице-чемпиондары – Хорватиямен ойнайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз