АҚШ әуе қорғанысын бұзып-жарып өтетін жаңа буындағы әскери ұшағын таныстырды
Сурет: twitter.com/northropgrumman
АҚШ Әуе қорғаныс күштерінің ең мықты әскери ұшағы бір күн бұрын көпке таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
B-21 Raider бомбалаушы ұшағын құрастырумен Northrop Grumman компаниясы айналысқан. Бұл туралы компанияның Twitter-дегі парақшасы хабарлады.
Бұл - әуе қорғанысына тиесілі жаңа бомбалаушы ұшақтың 34 жылдан кейінгі алғашқы таныстырылымы. B-2 Spirit 1988 жылы жасалған болатын.
Әскери ұшақ алғашқы рейсін 2023 жылы орындайды деп жоспарланып отыр. Калифорниядағы Эдвардс әуе базасында сынақтар өтеді. Болжам бойынша, ұшақ ықтимал жаудың әуе қорғанысын бұзу үшін жасалған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript