Сириядағы АҚШ әскери базасы зымыранмен атқыланды

Шабуыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2022 10:16 Сурет: pixabay
АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы Сириядағы америкалық әскери базаға шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство өз Twitter парақшасында зымыран кешеннің ішіне өтпей сыртта жарылғанын нақтылайды.

Америкалық немесе одақтас күштер тапарынан кісі өлімі, жараланғандар туралы да дерек тіркелмеді, нысандар да, жабдықтар да бүлінген жоқ, делінген құжатта.

Бұл факт бойынша тергеу басталды.

Айта кетсек, 8 қазанда Сирия Америка Құрама Штаттарынан өзінің Қарулы Күштерін дереу ел аумағынан алып кетуді, лаңкестік құрылымдарды қолдауды тоқтатуды талап етті. Сирия СІМ мәлімдемесінде "АҚШ әскерінің бөтен ел аумағында болуы және Вашингтонның жалдамалы әскерлерді өз мақсаттарына пайдалануы халықаралық құқыққа қайшы келеді" делінген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: