Арнайы бөлімшелердің әскери қызметшілері таудағы дайындықтан өтті
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Құзырлы ведомства баспасөз қызметінің мәліметінше, қарулы күштерде жауынгерлік оқу шаралары Мемлекет басшысының әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жүргізілу үстінде.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жиынның негізгі мақсаты – тау кедергілерін еңсеру машықтарын жетілдіру, биік тауларда күрделі жағдайда жауынгерлік іс-қимылдар жүргізудің тактикалық әдістері мен тәсілдерін орындау.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Осындай сабақтар барысында жеке құрам таудағы даярлық деңгейін жетілдіріп қана қоймай, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде төзімділікті, шыдамдылық пен табандылықты нығайтады.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бірқатар әскери қызметшілер тау даярлығынан нұсқаушы ретінде біліктілігін арттырып, альпинизм бойынша үшінші және екінші разрядтардың нормативтерін орындады.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жиынды қорытындылаған Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы полковник Болат Жорабаев жеке құрамның оқу бағдарламасын сәтті орындағанын атап өтіп, әскери альпинистерге сертификаттар мен төс белгілер табыс етті.