Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның әскери қызметшілері қызметтік тұрғын үйді жекешелендіре алады

Тұрғын үй, заң, жекешелендіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2021 13:43 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мәжіліс депутаттары спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың айтуынша, заң жобасында арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін, әскери қызметшілерді, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігін жетілдіру үшін үш бағытта өзгертулер енгізіледі.

«Тұрғын үй қатынасы туралы» заңда мыналар қарастырылған:

  • бірінші – қайтыс болған әскери қызметшінің, арнаулы орган қызметкерінің отбасы мүшесіне қызметтік баспананы жекешелендіру, ақшалай өтемақы алу, айырбастау құқығын беру;

  • екінші – қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша немесе өтеусіз жекешелендіру;

  • үшінші – қызметтік үймен екі рет қамтамасыз етуді шектеу;

  • төртінші – «модульді тұрғын үй» ұғымын енгізу.

Қарулы күштер, басқа да әскер мен әскери құрылым үшін «модульді тұрғын үй» ұғымы алғаш рет енгізіледі. Бұл - жылдам қажет болған кезде тұрған жерін ауыстыруға болатын тұрғын үй. Оларды сатып алу қысқа уақытта әскерді тұратын орынмен қамтамасыз етуге, ал геосаяси жағдай өзгергенде оларды осы үймен бірге басқа жерге шығынсыз көшіруге мүмкіндік береді. Дарын Тұяқов

Егер әскери қызметші қызметтен босатылған күннен бастап оны қайтадан қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан аспаса, осы уақыт ішінде еңбек қатынастары болмаса, әскери қызметтің үздіксіздігі де құжат болып танылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: