Моңғолия президенті көмір мәселесіне қатысты қоғамдық тыңдау өткізуге шақырды
Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсух Моңғолия парламентінде көмір экспортының жағдайы туралы қоғамдық тыңдау өткізудің және ел азаматтарын ашық хабардар етудің маңызын атап өтті, деп жазды ТАСС.
"Моңғолияның мемлекеттік Ұлы Хуралында көмір мәселесіне қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізіп, халықты ашық хабардар ету маңызды", - деді.Ухнаагийн Хурелсух
Сонымен қатар ол қазіргі жағдайға объективті баға беру қажет деп есептейді.
4 желтоқсанда Улан-Баторда басталған наразылыққа көмірдің Қытайға кедендік бақылауды айналып өтіп экспортталуы себеп болған. Олардың арасында шерушілердің айтуынша, жоғары лауазымды саясаткерлер болуы мүмкін.
5 желтоқсан күні митингке шыққандар қайтадан жиналып, елорданың бас алаңына апаратын орталық жолдарды жауып тастамақ болды. Шерушілер орталық алаңда салынып жатқан мұз қалашығы маңында орнатылған сабан шыршаны өртеп, үкімет үйіне баса-көктеп кірді.
Билік жауап ретінде демонстранттармен диалог жүргізу үшін жұмыс тобын құрды. Оны Моңғолия үкіметі хатшылығының басшысы және билеуші Моңғол халық партиясының жетекшісі Дашзегвийн Амарбаясгалан басқарды.
5 желтоқсанда парламенттің шұғыл отырысы да өтіп, онда елордада төтенше жағдай енгізу мәселесі талқыланды. Алайда адамдар үкімет үйінің аумағынан бейбіт түрде кеткеннен кейін төтенше жағдай енгізу мәселесін қарау тоқтатылды.