Қазақстанда жеңілдетілген салық салынатын штаттар тізімінен АҚШ-тың бір штаты шығарылды
Сурет: pixabay
Қаржы министрлігінің 30 қарашадағы бұйрығымен жеңілдетілген салық салынатын мемлекеттер тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, АҚШ-тың Делавэр штаты орналасқан тізімнен 47-тармақ алынып тасталды.
Түзетуді енгізу Қазақстан Республикасы мен Америка құрама штаттары арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция Делавэр штатында ұзартылуымен байланысты. Оны Америка Құрама Штаттарының уәкілетті органы растады.
АҚШ-тың салық заңына сәйкес федералды табыс салығының мөлшерлемесі жеке тұлғалар үшін 10%-дан 37%-ға дейін өзгереді. Ал заңды тұлғалар үшін 21% болды.
Бұйрық 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript