Моңғолиядағы наразылық: Ұланбатыр қаласының бас алаңында екі киіз үй тігілді
Көмір ұрлаған тұлғалардың аты-жөнін жариялап, оларды жауапқа тартуды талап еткен азаматтардың шеруі тоғызыншы күнге кетті, деп жазды CentralAsia.media.
Наразылық білдірушілер Сұхбаатар ауданы басшысынан алаңға киіз үй тігуді сұраған, бірақ әкімдік киіз тігуден бас тартқан.
12 желтоқсанда Моңғолия Денсаулық сақтау министрлігі шерушілердің күнделікті тексеріп, арасында үсік шалғандар бар-жоғын анықтайтынын мәлімдеді.
Әкімдік өкілдерінің сөзінше, наразылық білдірушілер әкімге құрылысқа рұқсат қағазын ресми түрде көрсетсе, оларға киіз үйді алаңда емес, көлік тұрағында тігуге рұқсат беріледі.
Осыдан соң басшылық шерушілерге бас алаңға тек екі киіз үй тігуге рұқсат берді.
4 желтоқсанда Моңғолия астанасы Ұланбатырда үкіметтің әрекетіне наразы топ шеруге шықты. Шеруге экспорттық көмір ұрлығына қатысты көптеген саясаткерлердің қатысуымен болған жанжал себеп болды.