Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Кестутис Янкаускас , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 21:37 Сурет: видео скрині
Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол Қазақстанға гүлдену мен ашық аспан тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құрметті қазақстандықтар! 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні құтты болсын! "Егемен елдің еңсесі биік" деп қазақ бекер айтпаған. Өз тәуелсіздігі, территориялық тұтастығы мен бейбітшілікті бағалайтын Қазақстан әлем аренасында өзіндік орнына ие", - деді Кестутис Янкаускас.

Елші Қазақстанға гүлдену мен ашық аспан, ал Қазақстан халқына ырыс-береке тіледі.

"Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасында орнаған серіктестік баянды боларына кәміл сенемін! Мереке құтты болсын!".Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: