Жаңалықтар тізбегі
0

ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 18:15 Cурет: видео скрині
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Оның құттықтау видеосын Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан халқы мен үкіметін Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қазақстан жаhандық денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылардың бірі саналады. 1978 жылы Алматы декларациясы, ал 2018 жылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек туралы Астана декларациясы қабылданды. Тәуелсіздік алғалы тұрғындарыңыздың әл-ауқатын жақсарту, медицина қызметкерлерін даярлау бойынша айтарлықтай жетістікке жеттіңіздер. Коронавируспен күреске қосқан үлес үшін ел үкіметіне, Денсаулық сақтау министрлігі мен сала қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Келер жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аймақтық комитетін қабылдайды. Біз сол уақытты асыға күтіп отырмыз. Тәуелсіздік күні құтты болсын! Рақмет!", - деді Тедрос Гебрейесус құттықтауында.

Еске салайық, Қазақстан халқы бүгін Тәуелсіздіктің 31 жылдығын тойлап жатыр. Бұған дейін қазақстандықтарды мейраммен АҚШ елшілігі, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров құттықтады.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: