Жаңалықтар тізбегі
0

ДДСҰ-ның Бас директоры Қазақстанның медицина саласының қызметкерлерін құттықтады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2023 20:41 Сурет: видеодан алынды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус Қазақстанның медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ДДҰ басшысының Қазақстанның ақ халаттыларына арнаған жылы лебізі ҚР Денсаулықтау сақтау министрлігінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Жоғары мәртебелі, министр Ғиният, қымбатты әріптестер мен достар! Бүгін Сіздермен бірге ұлттық денсаулық сақтау қызметкерлері күнін атап өту мен үшін үлкен мәртебе. ДДСҰ атынан Абай ауданындағы өрт сөндіру кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкерінің қаза табуына байланысты көңіл айтамын". Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус


Ол ержүрек орманшылар сияқты осындай батылдықпен денсаулық сақтау қызметкерлері де әр уақытта жиі тәуекелге баратынын баса атап өтті.

"Олар - мықты денсаулық сақтау жүйелерінің, әсіресе медициналық-санитарлық алғашқы көмектің басты нысаны. Алматы медициналық-санитарлық алғашқы көмек қозғалысының бесігі саналады. Дәл осы жерде көшбасшылар алғашқы медициналық көмекке "Баршаға денсаулық" саясатының негізгі элементі ретінде өз міндеттерін көрсетті. 40 жылдан кейін Астанада өткен конференцияосы маңызды мақсатты айқындайды. Денсаулықтау сақтау қызметкерлерін қолдау ДДСҰ үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады және біз сіздерді қолдауға әрдайым әзірміз". ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус

Сондай-ақ ол денсаулық сақтау саласындағы кадр жетіспеушілігінен көші-қон, кәсіптік деңгейде жарақат алуға дейінгі күрделі проблемалар жағдайында нақты деректер мен дәлелденген стратегияларға сүйене отырып, барлық күш-жігерімізді үйлестіруіміз маңызды екенін де жеткізеді.

"Біз бірге денсаулық сақтау қызметкерлеріне сапалы білім мен дайындықты қамтамасыз етуіміз керек. Қауіпсіз еңбек жағдайлары, лайықты жалақы, тең мүмкіндіктер және лайықты құрмет таныту ләзім. Рақмет!". ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: