Жаңалықтар тізбегі
0

Украинадағы жағдай: Зеленский АҚШ-қа ұшты, Путин Ресейде экономиканы милитаризациялау болмайтынын айтты

Укарина, соғыс, Ресей, АҚШ, мобилизация, милитаризация,конфронтация, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 22:51 Сурет: president.gov.ua
Дүниежүзілік банк Украинаның шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 610 миллион доллар болатын қаржыландыру пакетін мақұлдады, Владимир Путин украиндықтарды әлі де бауырлас халық санайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Украинаның барлық аумағында әуе дабылы қағылды. Ол екі сағатқа созылды.
  • Дағдарысқа қарсы штабтың отырысында Украинада электр энергетикасы саласында нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзудың 193 фактісі тіркелгені айтылды. 
  • АҚШ кезекті әскери көмек пакетінде Украинаға Patriot кешенін беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды CNN.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонға ұшып кетті. Ол Байденмен кездесіп, соғыс алаңындағы стратегиялық жағдайды, санкциялар мен Батыстың Украинаға көмегі мәселелерін талқылайды деп жоспарланған. Ақ үй бұл сапар республикашылдарды Украинаға көмектесуге сендіру әрекеті болмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін партия Киевке бөлінген қаржыны тексеру керек екенін алға тартқан.
  • Сонымен бірге Ақ үй АҚШ Ресеймен тікелей конфронтация іздемейтінін және Украина аумағына қарулы күштер жібермейтінін мәлімдеді. 
  • Ресей армиясына "Кинжал" және "Циркон" гипер дыбыстық зымыран жүйелері 2023 жылы көбірек жеткізілетінін мәлімдеді елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу. 
  • Ресей президенті Владимир Путин украин халқын әлі де бауырлас халық деп санайтынын айтты.
  • Путин сондай-ақ Ресей және оның экономикасы милитаризацияланбайтынын айтты.
  • Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко Ресейде мобилизацияның екінші толқыны болмайтынын әрі бұл тақырып талқыланбайтынын мәлімдеді .
  • Мемлекеттік Дума диверсиялық қауымдастық құру, диверсияға оқыту мен көмек көрсету, оларды қаржыландыру мен насихаттау үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін заң қабылдады.
  • Еуропалық Одақтан кейін Швейцария билігі санкциялар тізіміне Ресейден 141 жеке және 49 заңды тұлғаны енгізді. Бұл туралы Экономика министрлігі хабарлады.
  • Дүниежүзілік банк Украинаның шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалпы сомасы 610 миллион доллар болатын қаржыландыру пакетін мақұлдады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: