Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстанда ЖРВИ-ге байланысты балабақшалар уақытша жабылуы мүмкін

Қырғызстан, ЖРВИ, балабақша, мектеп, карантин, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2022 13:13 Сурет: Zakon.kz
Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігіне 31 желтоқсанға дейін балаларды балабақшаға қабылдауды тоқтату туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мектептерге келер болсақ, дәрігерлер онлайн білім беруді 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға кеңес берді, деп мәлімдеді 24.kg.

Білім министрлігі қанша мектепте оқу үрдісі әдеттегі режимде қайта басталғаны туралы нақты мәлімет бере алмады. Бұған дейін онлайн сабақтар 28 желтоқсанға дейін ұзартылған Бішкектегі мектептер туралы ғана хабарлаған еді.

Талас ауданаралық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы 14-24 желтоқсан аралығында мектептер мен балабақшаларда енгізілген карантин аяқталғанын мәлімдеді.

Ал Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі елде тұмау эпидемиясы жүріп жатқанын хабарлады. Дәрігерлер жедел респираторлық-вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың 2,1 миллионнан астам жағдайын тіркеді.

Алдын алу мақсатында Қазақстанға тұмауға қарсы 2 миллион 280 мыңнан астам доза вакцина әкелініп, 2,5 миллионнан астам адам немесе ел халқының 12 пайызы вакцина салдырды.

21 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда шошқа тұмауы таралып жатқанын мәлімдеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: