Ұлыбританияда моржға бола отшашу атылмады

Ұлыбритания, Канада, морж, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2023 15:44 Сурет: видеодан скриншот
Скарборо қаласының қалалық кеңесі моржды қорқытпау үшін жаңа жылдық отшашуға рұқсат бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айлаққа морж өздігінен жүзіп келген. Жануарға Тор деген ат қойылды. Бұл аймақта морждар өте сирек кездеседі, екі жылда мұнда бар-жоғы екі-ақ морж жүзіп келген.

Жануар Канададан жүзіп келуі мүмкін деген болжам бар,оны Хэмпшир жағажайынан көргендер бар.

Қалалық кеңес Британдық Divers Marine Life Rescue (британдық қайырымдылық) ұйымымен кеңесіп, моржды үркітпеу үшін отшашуды тоқтату туралы шешім қабылдады.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: