Жаңалықтар тізбегі
0

Таиланд туристер үшін толық вакцинация ережесін алып тастады

Тайланд келушілерден вакцинация құжатын талап етпейді Сурет: unsplash
9 қаңтарда Тайланд билігі демалыс күндері жарияланған туристерге COVID-19-ға қарсы вакцинацияны растайтын құжатты көрсетуді талап ететін ереженің күшін жойды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Анутин Чарнвиракул мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анутин Чарнвиракул бұл талаптың ыңғайсыз екенін және сарапшылар тобы мұны қажет емес деп шешкенін айтты. Себебі бүкіл әлемде вакцина жеткілікті. Бұл туралы CNА жазды.

Анутин екпе алмаған туристерге де шектеусіз кіруге рұқсат етілетінін айтты.

Бұған дейін елдің авиация басқармасы 9 қаңтарда күшіне енетін шектеулерді жариялаған еді. Таиланд денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Қытайдан туристердің алғашқы рейсі 9 қаңтарда келген.

Қараша айында елде 1,75 миллион турист тіркелді. Бұл бұрынғымен салыстырғанда төрт есе көп.

Министрдің айтуынша, Таиланд қазір 7-ден 10 миллионға дейін қытайлық турист келеді деп болжайды.

"Бұл - Таиландтың туризм секторы үшін жақсы белгі. Өйткені ел экономикасы тез қалпына келеді".Анутин Чарнвиракул
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: