Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Қытай әуе апаты кезінде адамдарды құтқаруға бір-біріне көмектеседі

Қазақстан мен Қытай әуе апаты кезінде бір-біріне көмектеседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 12:40 Сурет: pixabay
ҚР сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасында азаматтық әуе кемелерін авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР заңын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Сүйіндік Алдашев келісімнің басты мақсаты – алықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне сәйкес апатқа ұшыраған жолаушыларды, экипаждарды, ұшақтарды іздеу және құтқару бойынша мемлекеттер арасында тығыз ынтымақтастықты құру.

"Құтқаруды ұйымдастыру және жүзеге асыру нақты іс-қимылдардың нақты алгоритмін қарастырады. Бұл құтқару шекарасы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы және оған іргелес жатқан аумақтар арасындағы шекара бойымен белгіленеді. Бұдан әрі барлық іздеу-құтқару республика аумағында, Қазақстан мен Қытай, сонымен бірге іргелес жатқан аймақтарда әр мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады".

Сүйіндік Алдашев әр тарап өз аймағында азаматтық әуе кемелерін іздестіру-құтқару жөніндегі жауапты қызмет болуын және олардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз ететінін қоса кетті.

"Тағы бір келісімде тараптардың авиациялық оқиға туралы өзара хабардар ету және екінші тараптан көмек сұрау міндеттемесі қарастырылған. Тараптар өздерінің жауапкершілік аймағында іздестіру-құтқару жүргізуден туындайтын шығындарды дербес көтереді". Сүйіндік Алдашев

Оның айтуынша, келісім екі мемлекеттің құзырлы органдары мен іздеу-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.

Мұндай ынтымақтастық бірлескен іздестіру-құтқару жаттығуларын, мемлекетаралық байланыс арналарын тұрақты тексеруді, іздестіру-құтқару мамандарының өзара сапарларын, іздестіру-құтқару ақпаратымен және тәжірибе алмасуды қамтиды.

30 қарашада мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы азаматтық әуе кемелерін авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: