Түркіменстанның экс-президенті ұлт көшбасшы болды
Сурет: turkmenportal.com
Халық билігінің жоғары органы – Түркіменстанның Халық мәслихатының төрағасы болып Гурбангулы Бердімұхамедов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті жарлыққа бүгін Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қол қойды. Бұл туралы turkmenportal.com хабарлады.
Президент Сердар Бердімұхамедовтың қаулысында Гурбангулы Бердімұхамедовтың "демократиялық құқықтық және зайырлы мемлекеттің берік негізін бекіту, тәуелсіз бейтарап Түрікменстанның халықаралық беделін жан-жақты дамыту және нығайту ісіндегі орасан зор еңбегін ескере отырып" Түрікменстан Халк мәслихатының төрағасы болып тағайындалғаны айтылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript