Израильда тағы оқ атылып, екі адам жараланды
Сурет: pixabay
Шығыс Иерусалимде қарулы адам синагога маңында оқ жаудырып, жеті адамды өлтіргені туралы оқыс оқиғадан бөлек Израильдің тағы екі азаматы оққа ұшып, жараланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian газетінің жазуынша, Израильдің жедел жәрдем қызметі сенбі күні таңертең ескі қала маңындағы оқиға кезінде екі адамның қатты зардап шеккенін хабарлаған. Полиция өкілі Израиль армиясы радиосына шабуылдаушының "бейтараптандырылғанын" жеткізген.
Атыс сенбіде синагогада мінажат етіп шыққандарға оқ жаудырып, жеті адамды атып өлтірген палестиналық содырдың оқиғасынан кейін орын алған.
Нева-Яаков елдімекеніндегі теаркт Израиль армиясының соңғы жиырма жылдықта Батыс жағалауда жүргізген рейдтен бір күн өткен соң орын алып отыр. Рейд барысында тоғыз палестиналық, оның ішінде екі бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript